Шетелдік БАҚ өкілдері Қытай «ауыл-BA»-ының қызығын сезінді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 30 қазан

30 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қазан күні кешке Гуйчжоу өлкесінің Тайцзян ауданы Тайпан ауылында ауыл арасындағы баскетболдан ұлттық жарыс «ауыл-BA»-ының финалы басталды. Гуандун өлкесінің Чжуншань қаласы Шаси ауылдық командасы Дунуань қаласындағы Дала ауылдық командасын 84:78 есебімен ұтып, чемпионатты жеңіп алды. Сол күні кешке Еуразия елдерінен келген 11 тілші жарыс майданына келіп, ойынды тамашалап, Қытайдың «ауыл-BA»-ының қызығын сезінді. Тілшілер бірінен соң бірі Қытайдағы ауылдық іс-шаралар өте керемет екенін айтып, тамсанды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото