Шыңжаңда еркін сауда пилоттық аймағы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 қараша

1 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін еліміздегі 22-інші еркін сауда пилоттық аймағы, яғни Шыңжаңның еркін сауда пилоттық аймағы тізімге енгізілді. Бұл еліміздің солтүстік-батыс шекара аумағында құрылған алғашқы еркін сауда пилоттық аймағы болды.

Сауда министрлігінің жауапты тұлғасы бүгін сөйлеген сөзінде Шыңжаңның еркін сауда пилоттық аймағының ішкі және сыртқы ресустарды тартуын қолдап, инвестицияларды ілгерілетуге, қаржылық қызмет функцияларын кеңейтуге, цифрлық экономиканың дамуына жәрдемдесуге және кәсіби мамандарға қызмет көрсету кепілдіктерін күшейтуге баса назар аударып, ізденістер жүргізетінін айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото