Әсел Егембердиева: Импорт көрмесіне қатысу - қазақстандық өнімді Қытай нарығына жылжытудың тиімді арналарының бірі

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 қараша

2 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстан сауда саясатын дамыту орталығы директорының орынбасары Әсел Егембердиева жақында Синьхуа ақпараттық агенттігіне берген сұқбатында импорт көрмесіне қатысу - қазақстандық өнімді Қытай нарығына жылжытудың тиімді арналарының бірі екенін мәлімдеді.

Ә.Егембердиева биыл көрмеге үкіметтік ведомстволарды, мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындарды қоса алғанда, 40-тан астам қазақстандық мекемелер мен компаниялар қатысатынын хабарлады.

Импорт көрмесінің басты қонақтарының бірі ретінде биыл Қазақстан павильонында елдің ұлттық стилін және Қазақстанның экспорт, инвестиция, туризм және логистика саласындағы даму әлеуетін көрсетеді. Ұлттық павильонда 15-тен астам экспонент ұсынылған, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Қазақстандық Ұлттық инвестициялық компания, «Air Astana», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы және Қазақстандық ұлттық туристік компаниясы бар.

Бұдан басқа, 25 қазақстандық компания негізінен астық, май, тағам және сусын өндірісін қамтитын корпоративтік бизнес-көрмеге қатысады. Қазақстанның майлы дақылдар мен май өнімдері экспортының әлеуеті алдағы бірнеше жылда Қытай нарығында 3 300 миллион АҚШ долларына жетеді деп күтіледі. Көрмеге қатысушылар биылғы көрмеде үлкен тапсырыстарға қол жеткізуді үміт етеді.

Ә.Егембердиева Қытай қазақстандық өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық екенін атап өтті. Қазақстан мен Қытай толыққанды логистикалық маршруттарды жолға қойып, бір-бірінің өніміне деген қажеттіліктері айқындала түсті. Қазақстан қытайлық тұтынушылардың қазақстандық тауарларға өте қызығушылық танытатынын көрді, ал қытайлық серіктестер де Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін көрсетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото