Шыңжаңда Қытай-Орталық Азия төрелік форумы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 қараша

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың халықаралық сауда—экономикалық арбитраждық комиссиясы мен Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының халық үкіметі бірлесіп ұйымдастырған Қытай-Орталық Азия төрелік форумы Үрімжі қаласында 2 қарашада ашылды.

Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және әлемнің басқа елдері мен аймақтарының өкілдері қатысты. Форум барысында Қытай халықаралық сауда-экономикалық төрелік комиссиясының Орталық Азия бөлімшесі ресми түрде құрылды.

Форумға қатысушылар Қытай мен «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдер, әсіресе Орталық Азия елдері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық тереңдей түсетіндіктен, Шыңжаңда халықаралық алмасу және ынтымақтастық төрелік платформасын құру - сауда дауларын тиімді реттеу үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

Қытайдың халықаралық сауданы ілгерілету комитеті директорының орынбасары Чэнь Цзяньаньнің айтуынша, комитет тиісті тараптармен бірге жұмыс істеп, мемлекеттік ведомстволар мен кәсіпорындар арасындағы өзара байланысты жан-жақты нығайтады. Қытай және шетел нарықтарындағы өткізу арналарын кеңейтіп, кәсіпорындарға тиісті қызмет көрсетеді. Осылайша Орталық Азия халықтарының ортақ мүдделерін ілгерілетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото