Қазақстандық 30 каспорын Шанхайдағы импорт көрмесіне қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 қараша

Қазақстандық 30 тауар өндіруші Шанхайда 5-10 қараша аралығында өтетін, алтыншы Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

ҚР “Qaztrade” АҚ экспортты дамыту департаментінің директоры Мира Жаңабергенованың сөзінше, Қытайдағы көрмеде Қазақстан екі стендке қойылған - ұлттық және коммерциялық.

"Ұлттық павильонымыздың негізгі концепциясы - “АӨК-нен инновацияға дейін”. Біз Қазақстанның негізгі бағыттарын таныстырамыз, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, инвестиция, туризм, экспорт, логистика мен басқа да бағыттар бар", - деді «Qaztrade” өкілі.

Ол ары қарай коммерциялық павильон стенді “Тағам және ауылшаруашылығы өнеркәсібі” секторында екенін айтты. Ол жерге қазақстандық 30 тауар өндіруші өз өнімдерін қойған. Олардың қатарында макарон және кондитерлік өнімдер, өсімдік майы, бал, сүт өнімдері, оның ішінде шұбат пен қымыз және т.б. бар.

"Қазақстандық өнім Қытайдағы көрмеде сыртқы нарыққа отандық өндірушілердің шикізаттық емес өнімдерін шығару мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында таныстырылады", - деп атап өтті ол.

“Qaztrade” АҚ өкілі Қазақстан Қытай халықаралық импорт көрмесіне ол жұмысын бастаған 2018 жылдан бері қатысып келе жатқанын атап өтті. Бес жыл ішінде көрмеде 100-ден астам қазақстандық компания 260 млн доллардан асатын экспорттық келісімшарттар орнатқанын атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото