Қытай тұтынушыларының үстелінде қазақстандық тағамдар көбірек көрінетін болады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 қараша

6 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхайда Қытайдың алтыншы халықаралық импорт көрмесі ашылды. Қазақстан-осы көрменің құрметті қонақтарының бірі. Қазақстан импорт көрмесіне қатарынан бес жыл қатысып отыр: ұлттық көрмеге төрт рет қатысса, екі мәрте көрменің құрметті қонағы болды. Биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасының он жылдығына орай қазақстандық стенд агробизнес, туризм, логистика, инвестиция мен экспорт, сондай-ақ инновацияларды қоса алғанда, бес салада Қазақстанның даму әлеуетін көрсетті. Олардың ішінде биылғы жылы логистика және инновация жүйесінде жаңа аймақтар құрылды.

«Менің балалық шағым туралы естеліктерім бұл жолғы Қытай импорт көрмесінде дебют жасады. Қытай тұрғындары біздің елдің дәмін тата алады деп үміттенемін»,- деді қазақстандық экспонент Ботакөз. Ол «Dala Dami Talqan» нәрлі бидай талқаны жергілікті малшылардың өміріндегі дәстүрлі негізгі тағам болып табылатынын айтты. «Бидай талқанының мәні қытайлық отбасылар үшін ұнның қасиетімен бірдей. Көптеген дәстүрлі тағамдардың дәмі тіл үйіреді», - деді.

Ботакөз Қазақстандағы жергілікті сатылымдар, әдетте, үлкен қаптамада жүзеге асырылатынын айтты. Маркетингтік зерттеулерді алдын-ала жүргізгеннен кейін, компаниялар Қытай нарығындағы алғашқы сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, бидай талқанын кішкене қалталарға орады. «6 күндік көрме 365 күнгі ұзақтықтағы мәнге ие. Импорт көрмесінің «6 күн +365 күн» тұрақты көрме және сауда алаңдарының бірі «Greenland Global Commodity Trading Port»-та Қазақстанның ұлттық павильонының ашылуы - болашақта Қытай тұрғындарының үстеліне қазақстандық тағамдардың көбірек келуіне әсер етеді».

Әлемдегі ең ірі құрлықтық ел (теңізге шыға алмайтын ел) бола отырып, Қазақстан биік қарлы тауларға, керемет шатқалдарға және әдемі ормандарға бай. Импорт көрмесінің ұлттық алаңындағы қазақстандық стенд елдің таңғажайып табиғатын тамашалау үшін киюге болатын VR көзілдіріктерімен жабдықталған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото