Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» ғылыми-техникалық алмасу жөніндегі бірінші конференцияға құттықтау хат жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 қараша

7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 6 қарашада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» ғылыми-техникалық алмасу жөніндегі бірінші конференцияға құттықтау хат жолдады.

Си Цзиньпин ғылыми-техникалық ынтымақтастық «Бір белдеу, бір жол» құрылысы ынтымақтастығының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қытай бейбіт ынтымақтастық, ашықтық пен бауырмалдық, өзара үйрену, өзара тиімді ортақ ұтысқа жетуді өзек ететін Ұлы Жібек жолының рухын алға жылжытады, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» ғылыми-техникалық инновациялар саласындағы іс-қимыл жоспарын терең енгізеді, халықаралық ғылыми-техникалық инновациялармен алмасуға ықпал етеді. Басқа елдермен бірге жұмыс істеу арқылы инновациялық өсудің әлеуетін арттырады, инновациялық ынтымақтастықтың қуатын ынталандырады, инновациялық серіктестік қатынасты нығайтады, осылайша бүкіл әлемдегі адамдардың игілігі үшін инновациялық жетістіктерді ілгерілетеді, «Бір белдеу, бір жолдың» жоғары сапалы дамуына және тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құруға жәрдемдеседі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото