Шыңжаңның мәдени туризм тобы Орталық Азияға барды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 қараша

7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 5 қараша күні Үрімжі қаласындағы Дивопу халықаралық әуежайының күту залында өнерпаздар бұрала биге басты. Бишілер Орталық Азияға сапарының алғашқы аялдамасы - Алматыға ұшу алдында өз өнерлерін паш етті. Бұл Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Мәдениет және туризм департаментінің Қазақстан мен Өзбекстанда өткізетін мәдени алмасу және туризмді ілгерілету жөніндегі іс-шарасы еді.

Тілшінің алған мәліметіне сәйкес, Шыңжаңның Мәдениет және туризм департаменті 5-15 қараша аралығында Қазақстан мен Өзбекстанда «Шыңжаң - жақсы жер» атты ауқымды музыка, би, поэзия және кескіндемелерден тұратын кешін өткізеді. Сондай-ақ туризмді ілгерілету бойынша бірқатар мәдени алмасулар мен іс-шараларды алып барады. 

«Шыңжаң жақсы жер» кешінде Шыңжаңның классик музыка туындылары мен Шыңжаңдағы ұйғыр ұлтының мұқам, моңғұл ұлтының қаһармандық эпосы «Жәңгір», қырғыз ұлтының батырлық эпосы «Манас», қазақ ұлтының қара жорға биі сияқты материалдық емес мәдени мұраның басқа да туындылары Орталық Азия көрермендеріне ұсынылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото