Шыңжаңның Қытай-Еуропа (Орталық Азия) «Тяньшань» пойызы осы айда жөнелтіледі

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 қараша

7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың (Шыңжаң) еркін сауда пилоттық аймағы құрылысының дамуына орай, Шыңжаңның Қытай-Еуропа (Орталық Азия) «Тяньшань» пойызы осы айда жолға шығуға дайындалуда.

«Тяньшань» пойызын Xinjiang International Land Port (Group) Co компаниясы ұйымдастырады және басқарады. 2018 жылы құрылған компания Үрімжі халықаралық құрлық порты аймағын инвестициялауға, салуға және басқаруға жауапты.

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Үрімжі халықаралық құрлық порты аймағында 1005 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызына қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,79%-ға артып, Шыңжаңда жүретін Қытай-Еуропа пойыздары жалпы санының 86,5% құрады. Сонымен қатар 436 теміржол-теңіз интермодальды пойыздары жөнелтіліп, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,56%-ға ұлғайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото