Си Цзиньпин көркем Қытай құрылысын ілгерлету керектігін атап өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 қараша

8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин көркем Қытай құрылысына жан-жақты жәрдемдесіп, табиғи монополиялар тетігін қадағалау жүйесін жетілдіруге шақырды.

Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин бұл маңызды нұсқауды оның төрағалығымен өткен Орталықтың реформаларды жан-жақты тереңдету жөніндегі комитетінің үшінші отырысында берді.

Жиналыста бірқатар басшылық құжаттар, соның ішінде «Көркем Қытай құрылысына жан-жақты жәрдемдесу туралы», «Мемлекеттік капиталды басқарудың бюджеттік жүйесін одан әрі жетілдіру туралы», «Табиғи монополиялар тетігін қадағалау жүйесін енгізуді жетілдіру туралы» және т.б. құжаттар талқыланып, қабылданды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото