Тарым кен орнындағы мұнай мен газдың жиынтық өндірісі 500 миллион тоннадан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 қараша

8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қараша күні Тарым мұнай кен орны барлығы 500 миллион тоннадан астам мұнай мен газды өндірді. Оның ішінде 161,37 миллион тонна шикі мұнай және 424,998 миллиард текше метр табиғи газ бар. Осылайша ол Қытайдағы ең терең мұнай мен газ өндірудің ең үлкен базасы болды.

Тарым мұнай кен орнын барлау және игеру аса терең және күрделі кен орындарын игеру бағытында ілгерілеуді жалғастыруда. 32 ірі және орташа мұнай және газ кен орындары игеріліп, биіктігі 8000 метр болатын 130-дан астам «Жер асты шыңдары» бұрғыланды.  6000 метр тереңдікте табылған мұнай мен газ қоры ел аумағының 3/4 бөлігін құрайды, ал ультра терең кен орындарында жыл сайынғы мұнай мен газ өндірісі 18 миллион тоннадан асып, елде бірінші орынды иеленді.

Қазіргі уақытта Тарым кен орнынан газдың жиынтық жеткізілімі 390 миллиард текше метрден асты. Бұл батыстың газын шығысқа тасу газ құбырының төменгі ағысында орналасқан 15 өлке, аймақтарда және қалаларда 400 миллионнан астам тұрғынды қамтамасыз етеді және Оңтүстік Шыңжаңның 42 ауданы мен қалаларындағы барлық этникалық топтың 8 миллионнан астам адамын қамтамасыз етеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото