Қытайда «Шетелдік ресми құжаттарды куәландыруға қойылатын талаптарды алып тастау туралы конвенция» күшіне енді және қолданыла бастайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 қараша

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Сыртқы істер министрлігі 7 қараша күні Бейжіңде Қытайда «Шетелдік ресми құжаттарды куәландыруға қойылатын талаптарды алып тастау туралы конвенцияның» (бұдан әрі Конвенция деп аталады) күшіне ену және қосымша сертификаттарды тапсыру рәсімін өткізді.

Бұл құжат Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясы шеңберінде қолдану аясы аса кең және уағдаласушы тараптардың саны ең көп халықаралық шарт болып табылады. Конвенция ресми құжаттарды трансшекаралық тарату рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған. Соңғы жылдары Конвенцияның жаңа тараптар саны тез артып, қазіргі уақытта 125 тарапқа жетті. Олар Еуропалық одақ, Америка Құрама Штаттары, Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Австралия, Ресей, Қазақстан және еліміздің басқа да негізгі сауда серіктестері және «Бір белдеу, бір жолды» бірге құрған елдерді қоса алғанда, әлемнің жалпы елдері мен аймақтарының бестен үш бөлігін құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото