Қазақстанның Сауда және интеграция министрі: келесі жылы Қазақстанның импорт көрмеге қатысу ауқымы 5 есеге кеңейтіледі деп күтілуде

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 қараша

10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шақалиев журналистерге берген сұхбатында Қазақстанның Қытайдың халықаралық импорт көрмесіне қатысуы келесі жылы бес есеге артатынын айтты.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шақалиев: «Көрме жұмысының алғашқы екі күнінде біз қол қойған келісімшарттар сомасы 72 миллион АҚШ долларынан асты. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Көрме әлі де жалғасуда. Сондықтан бұл біз үшін өте маңызды шара және қазақстандық өнімдерді қытайлық достарымызға ұсынуға деген мүмкіндік».

А.Шақалиев импорт көрмесі қай елді де Қытайға апаратын терезе екенін, соңғы алты жылда Қазақстан импорт көрме аясында шамамен 300 миллион АҚШ долларды құрайтын тапсырыстарға қол қойғанын, келесі жылы Қазақстанның көрмеге қатысуы 5 есеге артады деп күтілетінін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото