Биыл Тяньцзинь порты 600 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызын жөнелтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 қараша

10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қараша күні азық-түлік, күнделікті қажетті заттар, көлік бөлшектері және басқа да тауарлар тиелген Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызы Тяньцзиньнен Моңғолияға бет алды. Бұл пойыздың кедергісіз бағытқа шығуы Қытай теміржолы Бейжің бюросының биыл Тяньцзинь портынан 600 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарын жөнелткенін білдіреді.

Тілші Қытай теміржолының Бейжің бюросынан осы жылдан бастап Тяньцзинь портынан шыққан Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының 64 800 TEU тасымалдағанын білді.

Тяньцзинь порты «Бір белдеу, бір жолдың» құрлық пен теңіз қиылысында орналасқан. Бұл Қытайдағы Эрлянь-Хото және Алашанькоу сияқты Қытай-Еуропа пойыздарының негізгі транзиттік шекараларына ең жақын порт. Сондықтан тасымалдау қашықтығы мен уақыты жағынан ыңғайлылыққа ие.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото