Қытай мен ҚР арасындағы темір жолмен жүк тасымалдау 22%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 қараша

2023 жылғы қаңтар – қазанда Қытай мен ҚР темір жолдары арасында жүк тасымалы 23,6 млн тоннаны құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 22% жоғары, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметінен.

Мәселен, Қытайдан жүк қабылдау 8%, яғни 9,1 млн тоннаға дейін, жүктерді ҚХР-ға жөнелту 32%, 14,5 млн тоннаға дейін ұлғайды. Алтынкөл станциясы бойынша жүктерді тапсыру 53%, яғни 4,8 млн тоннаға дейін, қабылдау 14%, яғни 5,4 млн тоннаға дейін өсті.

Қытай мен ҚР арасында жүктерді тасымалдауға Темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) 2023 жылға арналған жоспары 26,1 млн тонна көлемінде келісілді.

Қазақстандық өнімді экспорттық тасымалдауды дамыту үшін Достық - Мойынты учаскесінің екінші жолдарының құрылысы жүргізілуде, содан кейін оның өткізу қабілеті 5 есеге артады. Сондай-ақ, Бақты үшінші өткізу пунктінің ашылуымен Бақты-Аягөз теміржол желісін салу жобасы іске асырылуда, ол Қытай мен Қазақстан арасындағы өткізу қабілетін жылына тағы 20 млн тоннаға арттырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото