- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин: Ынтымақтасып тең ұтысқа жететін Азия-Тынық мұхиты аймағының ашық экономикасын құрайық
17 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 16 қараша күні таңертең ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сан-Францискода өткен АТЭС бизнес көшбасшыларының саммитінде баяндама жасады.
Си Цзиньпин 30 жыл бұрын Азия-Тынық мұхиты аймағының көшбасшылары бейбітшілік пен даму дәуірінің үрдістерін ұстанғанын және Азия-Тынық мұхиты аймағының жедел дамуына және экономикалық жаһандануға жәрдемдесу мақсатында АТЭС көшбасшыларының алғашқы бейресми кездесуін өткізгенін атап өтті.
Соңғы 30 жыл ішінде біз ашық регионализмді, ашықтық пен кеңдікті ұстанып, артықшылықтарымызды үйреніп, кемшілікті толықтырдық, бір-бірімізбен қарым-қатынас жасадық, дамуға назар аудардық және дербес әрі ерікті, консенсустық және кезеңдік «АТЭС тәсілін» құрдық.
Ол барлық тарап ашық регионализмді ұстануға, Азия-Тынық мұхиты еркін сауда аймағын құру процесін ұдайы ілгерілетуге, әртүрлі елдердің экономикалық байланыстары мен интеграциясына жәрдемдесуге және ынтымақтасып тең ұтысқа жету негізінде ашық Азия-Тынық мұхиты экономикасын құруға тиіс екенін атап өтті.
people.cn © People's Daily Online