Қазақстаннан ҚХР-ға астықты теміржол көлігімен тасымалдау қаңтар-қазанда 1 млн тоннаға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 қараша

Осы жылдың 10 айында Достық пен Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы ҚХР-ға астық тиеу шамамен 1,5 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды «Қазақстан теміржолшысы».

Көрсеткіш 2021-2022 жылдардағы астық тасымалымен салыстырғанда 4 есеге немесе 1 млн тоннаға өсті. Бұл ретте жалпы көлемнен астықтың 70%-ы контейнермен тасымалданды. Достық станциясы арқылы астықты тиеу үш есеге жуық өсіп, 1 млн тоннадан асса, Алтынкөл станциясы арқылы – 11 есеге, яғни 396 мың тоннаға жетті.

Қаңтар-қазан айларында 320 тоннадан астам ұнтақ өнімдері тиелсе, тасымалдаудың өткен маусымына қарай екі есе немесе 142 мың тоннаға өсті. Тасымалдау негізінен контейнерлерде жүзеге асырылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото