Қазақстан қытайдағы көшпелі туризм жәрмеңкесіне қатысып жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 қараша

Бейжің ұлттық ауылшаруашылық көрме залында Халықаралық көшпелі туризм жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz. Оған 50-ден астам мемлекет қатысты. 200-ден астам шетелдік туристік компания өкілдері мен елшіліктер, үкіметтік делегаттар келген. Іс-шарада Қазақстан тарапы – негізгі баяндамашылардың бірі. Қазақстаннан 25 компания қатысып жатыр. Олар әртүрлі өңірден тартылып, Қазақстанның көрікті жерлері, туристік бағыттары мен қызметтерін ұсынуда.

Осындай шаралардың нәтижесінде туристердің саны екі есеге артады деп күтілуде. Келер жылы – Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы. Бұл жәрмеңке-көрменің Қазақстан үшін маңызы зор. Қазақ елінің туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілетіп, жауапты кезең алдында дайындықты пысықтап алуға нағыз мүмкіндік болып табылады.

Жәрмеңкені Қытай тарапы «Бір білдеу – бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай ұйымдастырған. Мұнда ұсыныс білдіріп тәжірибе алмасады. Тараптар әсіресе туристік маусым қызған шақта кейбір кедергілерді дер кезінде шешу жайын талқылайды. Сонымен қатар қауіпсіздік, бірлесіп әрекет ету, ынтымақтастық орнату – басты мақсат.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото