Алғашқы 10 айда Қытайдың тікелей шетелге қаржылық емес инвестициялары сәйкес мезгілмен салыстырғанда 17,3%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 қараша

17 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қараша күні сауда департаменті жариялаған деректерге сәйкес, Қытайдың шетелдік инвестициялары осы жылдың қаңтар-қазан айларында үздіксіз өскен. Тікелей шетелдік қаржылық емес инвестициялар 736,2 миллиард юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 17,3%-ға өсті (баламасы 104,74 миллиард АҚШ доллары, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 11% - ға артты).

Олардың ішінде қытайлық компаниялар «Бір белдеу, бір жол» елдеріне қаржылық емес тікелей инвестицияларға жалпы сомасы 181,69 миллиард юань инвестициялады. Бұл сәйкес мезгілмен салыстырғанда 27%-ға өсті (баламасы 25,85 миллиард АҚШ доллары, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 20,1%).

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото