Ван И араб және ислам елдері Сыртқы істер министрлерінің бірлескен делегациясымен келіссөздер жүргізді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 қараша

21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 20 қараша күні Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Бейжіңде Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсалмен, Иордания премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Сафадимен, Египеттің Сыртқы істер министрі Шукримен, Индонезияның Сыртқы істер министрі Ретномен, Палестина Сыртқы істер министрі Маликимен, Ислам ынтымақтастығы ұйымы хатшысы Таха құрған араб және ислам елдерінің Сыртқы істер министрлерінің бірлескен делегациясымен келіссөздер өткізді.

Ван И араб және ислам елдерімен бірге жұмыс істеп, Газадағы соғысты тез арада тоқтатуға, гуманитарлық дағдарысты жеңілдетуге, ұсталған адамдарды босатуға және Палестина мәселесін жедел, жан-жақты, әділ және тұрақты шешуге күш салуға дайын екенін жеткізді.

Қатысушы араб және ислам елдерінің Сыртқы істер министрлері Қытай Палестина-Израиль қақтығысын тоқтатуда, Палестина-Израиль мәселесін шешу және әділеттілікке қол жеткізуде белсенді рөл атқаруын күтетінін білдірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото