«Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 2023 жылғы туризм жылы форумы» ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 қараша

27 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 24 қараша күні Үрімжіде «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2023 жылғы туризм жылы форумының» ашылу салтанаты өтті.

Форумға Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы ҚКП комитетінің хатшысы Ма Синжуй мен автономиялық регионның төрағасы Еркін Тұнияз қатысты. Қытай үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуй мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин қатысып, сөз сөйледі. Сонымен қатар, форумға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Слиланка, Иран және экономикалық ынтымақтастық ұйымынан 300-ден астам өкіл қатысты.

Бас форумға Қазақстан Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Иранның Туризм нарығы бюросының Бас директоры Мүсилім Шахжари, Пәкістан Министрлер Кабинеті министрінің орынбасары Хамад Шашами, Өзбекстан Туризмді дамыту жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Үмит Шазиев және Қырғызстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесші-елшісі Рахман Аданов сияқты 11 қонақ бас форумда сөз сөйледі. Олар ШЫҰ кеңістігінің орасан зор туристік әлеуеті туралы айта отырып, өңірдегі мүше мемлекеттер арасындағы бұдан кейінгі ынтымақтастық пен дамудың сапасын жақсарту және жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізуде өз бастамаларын көтерді.

Форумнан кейін барлық тараптың өкілдері Үрімжі қаласында, Санжы Дүңген автономиялы облысында, Іле Қазақ автономиялы облысында, Алтай, Ақсу, Қашқар аймақтарында 25-26 қараша аралығында қызметтік іс-сапарда болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото