Қазақстан қытайлық туристерді қарсы алады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 қараша

Қазақстан туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев

28 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 24 қарашада «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 2023 жылғы туризм жылы форумы» барысында Қазақстан делегациясы Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режим енгізілгеннен кейін туризмнің дамуына қатысты сенімдерін білдірді.

Қазақстан туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев биылғы 10 қарашада Қытай мен Қазақстан визасыз режимді ресми түрде енгізгенін айтып, келесі жыл Қытай-Қазақстан туризм жылы екенін жеткізді. Осыған орай Қазақстан Қытайда туризмді ілгерілету бойынша 20-дан астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстандағы белгілі туристік агенттіктің жауапты тұлғасы Асем Козбагарова Қытай Қазақстанның негізгі нарық саласының бірі екенін, болашақта екі ел арасындағы туристік бизнес оңтайлы болатынын айтты. Жауапты тұлғаның айтуынша олардың компаниясы Қытайда қазақстандық туристік маршруттарды ілгерілету туралы қытайлық компаниямен келісімге келген.

Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров Алматы Қазақстанның ең ірі, өміршең әрі заманауи қаласы екенін атап өтті. Ресми өкіл қытайлық туристерді Алматының көрікті жерлерін тамашалауға шақырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото