Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы бойынша жоспар мерзімінен бұрын орындалды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 қараша

Достық-Алашанькоу шекаралық теміржол өткелі арқылы ҚХР-ға 2023 жылға жоспарланған соңғы 16 пойыз жөнелтілді, деп хабарлады Sputnik.

«Қазақстан мен ҚХР теміржолшыларының үйлесімді әрі, тиімді бірлескен қызметінің арқасында темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) кеңесінде келісілген жылдық жоспар 11 айда орындалды», - деді «Қазақстан темір жолы».

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, Достық станциясы арқылы Қытай Халық Республикасына 14,4 миллион тоннадан астам жүк жіберілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,4%-ке жоғары.

Биылғы қаңтар-қазанда Қазақстан Республикасы мен Қытай теміржолдары арасында жүк тасымалы 23,6 миллион тоннаға жетті.

Қытайдан жүктерді қабылдау 8%-ке, яғни 9,1 миллион тоннаға дейін, ал жүктерді жөнелту 32%-ке дейін жетті. Бұл 14,5 миллион тонна.

Алтынкөл станциясы арқылы жүктерді тапсыру 53%-ке өсіп, 4,8 миллион тонна болды. Ал қабылдау 14%, яғни, 5,4 миллион тоннаға дейін өсті.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді тасымалдау бойынша 2023 жылға арналған теміржол ынтымақтастығын ұйымдастыру жоспары 26,1 миллион тонна көлемінде келісілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото