Биыл Алашанькоу порты арқылы 6000-нан астам Қытай-Еуропа пойызы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 қараша

28 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытай теміржолы Үрімжі бюросынан алған ақпаратына сәйкес, 26 қарашадағы жағдай бойынша Алашанькоу теміржол порты арқылы 6001 Қытай-Еуропа пойызы өтті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23 күн бұрын 6000 пойыздан асты.

Оңтайлы инфрақұрылым Алашанькоу теміржол портындағы жүк ағынының жыл сайынғы өсу кілті болып табылады. Шыңжаң теміржол басқармасы Ланьсинь теміржолының Жың-Алашанькоу учаскесінің екінші желісін кеңейту жобасын ілгерілетті. Олардың ішінде Алашанькоу станциясының жөндеу цехы кеңейтіліп, қайта құрылды. Жаңа жөндеу депосының құрылысы аяқталғаннан кейін, Азиядағы ең ірі жабық жөндеу депосына айналып, бұл жөндеу тиімділігін одан әрі арттырды. Қазіргі уақытта Алашанькоу теміржол порты бірқатар инфрақұрылым нысандарын салды. Мысалы 94 кең квази-рельсті желілер және 5 миллион тонна қорапталмаған астықты тасымалдауға арналған арнайы теміржол желісі іске қосылды. Бұл жүк тасымалы көлемінің өсуіне негіз болды. 16 қарашада Бұратала шығыс станциясынан Алашанькоуға дейінгі екі жолды электрлендірілген желі ашылды. Екі станция арасында 22,6 шақырымдық қос желі қосылып, дәліздің өткізу қабілетін кеңейтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото