Шыңжаң лосось ЕО-ға экспортқа «рұқсат» алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 30 қараша

30 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қарашада Үрімжі кеденінің ұсынысынан кейін Xinjiang Zungui Fresh Food Technology компаниясы Еуропалық Одақта ресми тіркеуге алынды. Бұл Шыңжаңдағы Еуропалық Одаққа экспортқа «рұқсат» алған алғашқы лосось кәсіпорны.

Xinjiang Zungui Fresh Food Technology кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы - жылына 3000 тонна балық өнім. «Еуропалық Одаққа экспорттау үшін өнімдердің бірінші партиясы дайындалып жатыр. Біз Атлант мұхитының су өнімдерімен бәсекелесуді асыға күтеміз», - деді компанияның бас директорының орынбасары Ван Юань. Көптеген адам Шыңжаңды теңізден жырақ өлке, су өнімдері басым емес деп ойлайды. Алайда, компания су өнімдерін өндірудің жылдық көлемінің 10%-ы Сингапур мен Малайзия сияқты Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттап, олардың жақсы бағасын алып келеді. Еуропалық Одақта ресми тіркелу бұл жолы компанияның сыртқы нарықтарын одан әрі кеңейтеді және Шыңжаңның су өнімдері брендін халықаралық нарыққа шығарады.

Соңғы жылдары аквамәдениет Шыңжаңның халықты байыту өнеркәсібіндегі жаңа бағытқа айналды. Экспортталатын су өнімдерінің көлемі жылдан жылға артып келеді.

«Біз үш азық-түлік кәсіпорнын Орталық Азия мен Еуропа сияқты 9 елде және аймақтарда тіркелуге жетекшілік етіп жатырмыз, олардың халықаралық нарыққа көтерілуіне көмектесеміз», - деді Үрімжі кеден басқармасы және инспекциясы департаменті директорының орынбасары Ван Хайюань.

Қазірге дейін Үрімжі кедені биылдың ішінде 6 кәсіпорынның шетелде тіркелу ұсынымдарын орындады, бір кәсіпорын шетелде ресми тіркелді. Тіркелген елдер мен аймақтар - Оңтүстік Корея және Еуропалық Одақ. Шыңжаңда жиыны азық-түлік өнімдерін шығаратын 8 экспорттық кәсіпорын шетелде ресми тіркелген, олар тіркелген елдер мен аймақтар Еуропалық Одақ, Жапония, Канада, Сауд Арабиясы және т. б.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото