Жеткізілім тізбегі көрмесіндегі дәлдік құралдар шикі жұмыртқаға жазу жаза алады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 желтоқсан

1 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың алғашқы халықаралық жеткізілім тізбегін ілгерлету көрмесіндегі Apple жеткізушісінің стендінде жеткізуші Чанин дәлдік технологиясы ұсынған «жұмыртқаға жазба жазу» көптеген көрермендерді өзіне баурады.

Чанин дәлдік технологиясы Apple компаниясының жеткізілім тізбегінің мүшесі болып табылады. Ол Apple-ге ақылды терминал компоненттерін ұсынады. Көрме алаңында алты осьті tianji evo7 өнеркәсіптік роботының көмегімен шикі жұмыртқаға жазба жазу дағдылары көрсетілді. Бұл робот жұмыртқа қабығын теспестен жұмыртқа бетіне жазу жазып, өрнектер сыза алады.

Чанин дәлдік технологиясы дербес әзірлеген бұл алты осьті робот жоғары нақтылықтағы траекторияны жоспарлау алгоритмін және күшті дәл басқаруды пайдаланады. Аталмыш технология Apple super workstation Mac Pro өніміне де сәтті қолданылды.

Қытай Apple жеткізілім жүйесіндегі ең маңызды нарық көзі екені мәлім. Бұл жолғы көрмеде Apple алғаш рет 200 ірі жеткізушінің 151-і Қытайда Apple өнімдерін шығаратынын және осы 200 ірі жеткізуші Apple сатып алушыларының 98%-ын құрайтынын хабарлады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото