Жаңартылатын энергия көздерінен электр өндірудің жалпы белгіленген қуаты 1,4 миллиард киловаттан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 желтоқсан

1 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Ұлттық энергетика басқармасынан алған ақпаратына сәйкес, Қытайдағы жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндірудің белгіленген қуаты қазан айының соңына қарай 1,4 миллиард киловаттан асып, 1,404 миллиард киловаттқа жетті. Бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға өсіп, жалпы электр энергиясының шамамен 49,9% үлесін құрады.

Олардың ішінде су электрі 420 миллион киловатт, жел энергиясы 404 миллион киловатт, фотоэлектрлік энергия өндірісі 536 миллион киловатт, ал биомассадан энергия өндіру 44 миллион киловатт.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото