Си Цзиньпин 2023 жылғы «Қытайды түсіну» халықаралық конференциясына (Гуанчжоу) құттықтау хат жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 желтоқсан

4 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2 желтоқсанда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 2023 жылғы «Қытайды түсіну» халықаралық конференциясына (Гуанчжоу) құттықтау хат жолдады.

Си Цзиньпин «Қытайды түсіну үшін Қытай стиліндегі модернизацияны түсіну маңызды. Бүгінгі таңда Қытай Қытай стиліндегі модернизация арқылы қуатты елдің құрылысына және ұлттық жаңғырудың ұлы ісіне жан-жақты ықпал етіп, сонымен қатар тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құруды ілгерілетіп жатыр, Қытайдың болашақ тағдыры мен адамзаттың болашақ тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты. Біз сапалы дамуды ілгерілету үшін ашықтықтың жоғары деңгейін ұсынып, нарыққа бағдарланған, заңмен басқаруды және халықаралық іскерлік ортаны құруды жалғастырамыз, сонымен қатар түзімдер, ережелер, басқару және стандарттар сияқты институционалдық ашықтықты тұрақты түрде кеңейтеміз. Біз басқа елдермен ортақ мүдделерді кеңейтуге бұлжытпай күш қосамыз және әлемге жаңа серпін мен мүмкіндіктер беру үшін Қытайдың жаңа дамуын пайдалануды жалғастырамыз»,- деп атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото