Қытай-Еуропа «Тұлпар» нөмірлі пойызы Увэйге келді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 желтоқсан

4 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бірнеше күн бұрын 40 футтық контейнерлік жүгі бар 50 вагонды тасымалдайтын 75102 Қытай-Еуропалық «Тұлпар» нөмерлі Орта Азиядан қайтқан пойызы Ганьсудың Увэй қаласына сәтті жетті. Жалпы салмағы 1325 тонна және жүк құны 3,21 миллион юань болатын астық пен жем-шөптерді тиеген пойыз 15 қарашада Қазақстаннан жолға шығып, 22 қарашада Қорғас шекарасына жетті. Пойыз 5362 шақырым жолды 15 күнде басып өтіп, соңында Увейге келіп тоқтады.

Мәліметтерге сәйкес, астық пен жем-шөптер Солтүстік Қазақстаннан сатып алынады. Бұл өңір жоғары ендікте орналасқандықтан, күн мен түн арасындағы температураның үлкен айырмашылығы бар. Өлкенің топырағы құнарлы, егін жылына бір рет піседі әрі тыңайтқыштар қолданылмайды. Солтүстік Қазақстанның халқы аз, жері кең. Өңір ауқымды техникалық егіншілікпен айналысады. Осындай артықшылықтарының арқасында өсірілген азық-түлік дақылдары ақуызға бай және таза өнім болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото