Жетісудағы «Қазақстан-Қытай өнеркәсіптік қаласы» қашан салынады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 желтоқсан

Шекаралық өңірдің дамуына серпін беретін мүмкіндіктің бір кілті көрші елмен достық қарым қатынастың жолға қойылуында жатыр. Бұл тұрғыда Жетісу облысының көршілес Қытай халық республикасымен арадағы ынтамақтастық байланысы нығайып келеді, деп хабарлайды Kazinform.

Биыл Қазақстан Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаев бастаған жетісулық делегация Қытайдың Сямынь қаласына келіп, «Бір белдеу – бір бағыт» жобасы аясында өткен сауда, экономика және инвестиция жөніндегі семинарға қатысып, қос тарап өңірлерінің сауда-саттық және экономикалық байланыстағы мүмкіндіктерін таныстырған болатын.

Форум аясында Жетісу облысы аумағындағы «Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласының» құрылысын аяқтау мәселесі көтеріліп, инвестициялық, экономикалық іскерлік қарым-қатынастар жайы сөз болған. Кездесуде сөз болған бастамалар уәде күйінде қалмай, келісімдерді із жүзіне асыруға нақты қадам жасалып отыр. Яғни, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» жобасына қатысуға ниетті Солтүстік-Қытай электроэнергектиканы жобалау институтының консалтингтік тобы, «Chengdu Keerun Investment» компаниясы және «Shenzhen Eternal Asia Logistic» компаниясымен меморандум жасалған. Құрылысты жүргізетін «Дачжуо» серіктестігі.

Аталған «Дачжуо» серіктестігі «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» жобасын жүзеге асырады. Компания көлік және инвестиция, қала безендіру құрылыстары саласында кешенді жобаларды басқарумен айналысады. Серіктестік жұмысы Қытайда үлкен беделге ие. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Қытайдың аймақтарында 45 филиалын ашқан. Жыл сайын жобаларды басқаруға 6,5 трлн теңге, ал инвестициялық және қаржылық қызмет көрсету бағытына 5,2 трлн теңге бөліп отыр. Ал «Дачжуо» компаниясы үшін «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» шетелдегі ең алғашқы инвестициялық жоба болмақ. Компания қала құрылысына құны 330 млрд теңге қаржы құюды бастады.

«Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» жобасы аясында салынатын болашақ логистикалық технопаркте жаңа өндірістер, дамыған инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындары, сауда-ойын-сауық объектілері, фудкорттар және басқа қызмет көрсету нысандары болады деп жоспарланған. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, заманауи технологиялар қолданысы кеңейеді.

Қазір «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласында» құрылыстың қазығы қағылып, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аумағында жер қазу жұмыстары аятқалуда. Кәсіпорын 200 гектар аумақта құрылыстың бірінші кезеңін іске асырып жатыр. Оның ішінде инженерлік желілер мен магистральдық көшеннің құрылысы да бар. Сондай-ақ қараша айынан бастап инвесторлар әкімшілік ғимараттар мен қонақүй нысандарының құрылысын бастады.

Жалпы «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» жобасы аясында 2 мыңнан астам жаңа жұмысы орны ашылмақ. Еңбек күші ретінде негізінен Қорғасқа жақын елді мекен тұрғындары тартылатын болады.

«Қытаймен шекаралас жатқан Жетісу облысы – инвестициялық мүмкіндігі зор аймақ. Аймақта 5 стратегиялық бағыт бойынша жаңа инвесторлар тарту, өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, бұл бағытта агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік және логистика, туризм, баламалы энергетика және өнеркәсіп, оның ішінде жер қойнауын пайдалануды дамыту салалары бар. Ынтымақтастықты дамыту үшін Қытай компанияларын өңіріміздің экономикасына инвестиция салуға шақырып отрмыз. Бекітілген кестеге сәйкес 200 гектар аумақта жерді тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір құрылыс алаңында 22 бірлік техника мен 35 адам жұмыс істеуде. Қытайдан қосымша 24 бірлік техника келуі тиіс, оның үшеуі Қорғас қаласына жеткізілді. Қалған 21 техника жыл соңына дейін әкелінеді деп күтілуде. Жобаның негізгі құрылыс жұмыстары 2024 жылдың наурыз айында басталмақ» - дейді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото