Қытайдан турист тарту үшін Нарынқолда жаяу өткізу пункті ашылмақ

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 желтоқсан

Қытайдан туристерді көптеп тарту үшін Нарынқолда жаяу өткізу пунктін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстанның Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Облыс басшысының атап өтуінше, 2023-2026 жылдарға арналған туристік мастер-жоспар әзірленді. 2023 жылдың жарты жылдығында Қазақстанның ішкі туристер саны 13 пайызға артып, 1,1 млн адамға жетті. Шетелдік туристер 12 есеге көбейіп, 74 мың келушіні құрады.

«Бұл ретте Қытаймен арадағы визасыз режимді тиімді пайдаланып, туристерді көптеп тарту үшін Нарынқолда жаяу өткізу пунктін ашу жоспарлануда. Аталған іс-шараларды іске асыру туристер санын ары қарай да ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деді Марат Сұлтанғазиев.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото