Қытай зерттеуі! Көкөністерді 20 қабатты «тік кеңістікте» өсіру

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 желтоқсан

4 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Сычуань провинциясының Чэнду қаласында Қытай ауылшаруашылық ғылымдары академиясының қалалық ауыл шаруашылығы институты дербес әзірлеген алғашқы бағбансыз тік кеңістікті өсімдік фабрикасы пайдалануға берілді.

Бұл 20 қабаттық тік кеңістікті өсімдік зауыты өсімдіктердің жаңа сорттарын жетілдіріп, тік үш өлшемді өсіру жүйесін, қоректік ерітінділерді автоматты түрде беру жүйесін, энергияны үнемдейтін жарық көздерін жасанды модельдеуді және жасанды интеллект негізінде интеллектуалды басқаруды пайдалану арқылы тік кеңістікте тұрақты азық-түлік өндірісін қамтамасыз етеді.

Тік кеңістікті өсімдіктер фабрикасына климат пен аймақ әсер етпейді және экологиялық нормаларды сақтай отырып, 35 күнде бір кезек көкөніс өндіре алады. Көкөністен басқа, тік өсімдіктер зауыттарында басқа да жапырақты көкөністерді, жемістерді және жеуге жарамды саңырауқұлақтарды кең көлемде өндіруге болады.

Қытай ауылшаруашылық ғылымдары академиясының қалалық ауыл шаруашылығы институтының көмекші ғылыми қызметкері Ли Цзунгэннің айтуынша, бір жыл ішінде он кезектен астам көкөніс сабағын алуға болады және жылдық өнім шамамен тоннаға жетеді, бұл 4 гектар алқаптан өнім жинағанмен тең. Осының арқасында жерді ұтымды пайдалану тиімділігін айтарлықтай арттырып, егістік ресурстарын үнемдеуге болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото