Қазақстандағы тасжолдарды реконструкциялауды сапалы аяқтау қажет – Әлихан Смайылов

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 желтоқсан

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов CITIC Construction компаниясының бірінші вице-президенті Ян Цзяньцянмен кездесуі барысында «Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Балқаш» республикалық автожолдарын күрделі жөндеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Үкімет басшысы аталған ірі жобалардың уақтылы аяқталуын және сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Келесі маусымдағы жұмыстар үшін жол-құрылыс материалдарын, оның ішінде қиыршық тас пен битумды алдын ала дайындау қажет. Қосалқы мердігерлік ұйымдар да осындай жұмыс жүргізуі тиіс, — деді Әлихан Смайылов.

Кездесу барысында CITIC Construction компаниясының Қазақстан аумағындағы басқа да автожол жобаларына қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ компанияның өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларды іске қосу бастамалары талқыланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото