Шыңжаң фермерлері жасанды интеллекттің көмегімен қызыл құрма өндірісінен пайданы арттырды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 желтоқсан

5 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 4 желтоқсанда Куньюй қаласындағы құрма бақтарын отырғызу және өсіру бойынша кәсіби кооперативтің фабрикасында бірнеше тонна қызыл құрма конвейер таспасы арқылы жоғары жылдамдықты интелекетті сұрыптау машинасында сұрыпталып жатыр.

Биыл Куньюй қаласындағы құрма отырғызу және өсіру кооперативі 12 жаңа жасанды интеллектуалды сұрыптау машинасын енгізді, әр өндіріс желісінде 4 машина бар, сағатына сұрыптау өнімділігі 1,3-1,4 тоннаға жетеді. Қазіргі уақытта фабрикада 5 өндіріс желісі бар, оның үшеуі интеллектуалды іріктеу машиналарымен жабдықталған, олар күн сайын толық жүктелген кезде 120 тонна қызыл құрма сұрыптай алады.

Машина интеллектуалды бағдарламалық құралын пайдаланады, 720 градус көру бұрышы бар камерамен сұрыптау арқылы таңдаулы құрманың 10 сортын және ақаулы құрманың 7 сортын таңдайды. Әртүрлі тұтынушылардың қажеттіліктеріне қарай бағдарламалық жасақтаманы әртүрлі нұсқаларға сәйкес жүзеге асыра алады.

Бұл жабдықтың сараптауынан өткеннен кейін, автоматты буып-түю арқылы құрмалар қорапқа салынады және аузы бекемделеді. Мұндай интеллектуалды басқыштар шығындарды азайтуға және жеткізілімді тездетуге кепілдік береді, сондай-ақ пайданы арттырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото