Ли Цян: Қытай ЕО-мен өзара тиімді ынтымақтастық пен көпжақты үйлестіруді нығайтуға дайын

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 желтоқсан

8 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьер-министрі Ли Цян 7 желтоқсан күні түстен кейін Халық Құрылтайы сарайында Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен және Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенмен бірге «Қытай мен ЕО көшбасшыларының 24-ші кездесуіне» тең төрағалық етті.

Ли Цян ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен ЕО арасындағы қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге қажетті стратегиялық бағдарларды айқындау үшін екі Президентпен кездесу өткізгенін атап өтті. Бүгінде әлем үлкен өзгерістерге ұшырап жатыр. Өзгерістерге сәйкесе отырып, біз әрқашан ұстануға тұрарлық «тұрақтылықты» табуымыз керек, яғни диалогты ұстану, қарама-қайшылыққа қарсы тұру, ынтымақтастықты ұстану, «ажыратуға» қарсы тұру, бейбітшілікті ұстану, қақтығыстарға қарсы тұру, сондай-ақ Қытай мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың бағытын жақсы түсіну керек. Қытай Еуропалық тараппен жан-жақты стратегиялық серіктестіктің дұрыс позициясын ұстануға, бөтен пікірлерге құрмет ете отырып, көбірек байланыс нүктелерін іздеуге, ортақ нүктелерді табу арқылы келіспеушіліктерді жоюға, өзара тиімді ынтымақтастық пен көпжақты үйлестіруді нығайтуға дайын. Сол арқылы Қытай-ЕО қатынастарының тұрақтылығын, конструктивтілігін, өзара тиімділігін, жаһандық сипатын одан әрі бекемдеп, Азияның, Еуропаның және бүкіл әлемнің өркендеуі мен тұрақты дамуына үлес қосады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото