Димаш қытайлық мифологиялық көркем фильмге дыбыс берді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 желтоқсан

Қытайдың China Media Group Орталық радиосы мен телеарнасы «Weibo» әлеуметтік желісінде танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дыбыс берген мифологиялық көркем фильмді жариялады, деп хабарлады Kazinform.

«Ғажайып Шын-нуң» деп аталатын фильмде қытай мифологиясындағы «Шын-нуң» деген ұлы тұлғаның тарихы баяндалады.

Қытай мифтері мен аңыздарына қарағанда, «Шын-нуң» адамдарға бидай өсіруді, киім тігуді, шөптен дәрі жасауды үйретті. Ол – қытай мифологиясындағы адамзат баласы өркениетінің дамуына бағыт-бағдар берген сиқырлы тұлға.

Мәліметтерге сәйкес, фильмге қазақ тілінде дыбыс беруге қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді арнайы шақыртқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото