Қазақстан әлемнің 28 елімен халықаралық әуе қатынасын орнатқан

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 желтоқсан

Қазақстан Азаматтық авиация комитеті кәсіби мереке күні өткен жылдың қорытындыларымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 желтоқсан күні ҚР авиация қауымдастығы Халықаралық азаматтық авиация күнін атап өтуде. Осы мереке күні сіздермен Қазақстанның азаматтық авиация саласы бойынша өткен жылдың қорытындыларымен бөлісуге қуаныштымыз.

Қазақстан Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көліктік қолжетімділігін және ішкі туризмді дамыту мақсатында 7 облыста 23 ішкі әуе бағыты субсидиялануда. Сондай-ақ биылғы жылы әуе кемелерінің паркі 9 бірлікпен толықты. (Эйр Астана – 1 бірлік A321 LR, FlyArystan – 4 бірлік A320, SCAT – 4 бірлік B737).

Бүгін Қазақстан әлемнің 28 елімен халықаралық әуе қатынасын орнатқан (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Үндістан, Иран, Италия, Катар, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Пәкістан, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея). Рейстер аптасына 567 рейс жиілігімен 110 бағыт бойынша 4 қазақстандық және 30 шетелдік әуе тасымалдаушыларымен орындалады.

Ағымдағы жылы Қазақстанда аптасына 57 рейс жиілігімен 13 елге 23 бағыт бойынша рейстер ашылды және жаңартылды (Лахор, Маскат, Манама, Дели, Шарм-эль-Шейх, Бейжің, Сиань, Үрімжі, Самарқанд, Баку, Тбилиси, Кутаиси, Бішкек, Анкара, Ханчжоу, Джидда).

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостер әуекомпаниясы AirAsia келесі жылдың наурыз айынан бастап Алматы мен Куала-Лумпур арасында тікелей әуе рейсін ашатынын хабарлады.

Жыл ішінде шет мемлекеттердің авиациялық билігімен бірқатар келіссөз жүргізілді. Сонымен, Катарға, Әзербайжанға, Ұлыбританияға және Таиландқа рұқсат етілген рейстер саны артты. Сонымен қатар 2023 жылғы 18 қазанда Қытайдың авиациялық билігімен "Әуе жібек жолын" бірлесіп іске қосу туралы Меморандумға қол қойылды.

2023 жылғы 1 желтоқсанда әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестікті дамыту және авиабилеттер құнын төмендету мақсатында қолданыстағы "ашық аспан" режиміне өзгерістер енгізілді. Осылайша, осы түзетулерге сәйкес шетелдік авиакомпаниялар Қазақстаннан кез келген халықаралық бағытта, оның ішінде қазақстандық тасымалдаушылар жұмыс істейтін бағыттарда "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесімен ұшуды орындай алады. Ағымдағы жағдайда Қазақстан транзиттік ұшулар үшін неғұрлым тартымды бола түсуде. Мәселен, 2023 жылы қызмет көрсетілген ұшулардың жоспарланған көлемі - 415 мың ұшақ, оның ішінде транзит - 263 мың ұшақ. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қол жеткізілген деңгейін жетілдіру және нығайту бойынша жұмыс жалғасуда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото