Жаңа энергетикалық көлік құралдарының нарыққа ену деңгейі бойынша Хайнань ел бойынша бірінші орында

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 желтоқсан

8 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 5 желтоқсанда Хайнань өлкесінің өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар департаменті жариялаған мәліметке сәйкес, осы жылдан бастап Хайнаньда сатылған әрбір екі жаңа көліктің біреуі жаңа энергетикалық көлік болып табылады. Ал жаңа энергетикалық көліктердің нарыққа ену деңгейі елде бірінші орынға көтерілді.

Осы жылдың қазан айының соңындағы жағдай бойынша Хайнань өлкесіндегі жаңа энергетикалық көліктердің саны 273 000-ға жетті. Бұл жалпы көлік құралдарының 13,87%-ын құрап, ұлттық орташа көрсеткіштен жоғары болды.

Жоспарға сәйкес, 2025 жылға қарай бұл өлке жалпы саны 500 000-нан астам жаңа энергетикалық көліктерді нарыққа шығарады. Бұл жаңа энергетикалық көліктердің 60%-дан астамын құрайды. Ал көлік құралдарының жалпы жүктеме коэффициенті (жаңа энергетикалық көліктер мен зарядтағыштар санының арақатынасы) 2,5:1-ден төмен болады. Әлеуметтік қызмет салалары және әлеуметтік операциялар саласында экологиялық таза энергиямен жұмыс істейтін жаңа және ауыстырылған көлік құралдарының үлесі 100%-ды құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото