Янцзы өзенінің атырауындағы 100 ірі компанияның жылдық кірісі алғаш рет 20 трлн юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 желтоқсан

8 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Янцзы өзенінің атырауындағы үш өлке мен бір қаланың кәсіпорындар федерациясы бірлесіп, 2023 жылғы Янцзы өзенінің атырауындағы 100 ірі кәсіпорынның рейтингісін жариялады. Янцзы өзенінің атырауындағы 100 ірі кәсіпорынның жалпы операциялық кірісі 2022 жылы алғаш рет 20 трлн юаньнан асып, 20,2 трлн юаньға жетті. Сөйтіп өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,00% - ға өсті.

2022 жылы Янцзы өзенінің атырауындағы 100 ірі кәсіпорын бизнес ауқымының тұрақты өсуі және дамушы салалардағы кәсіпорындардың жылдам ұлғаюы сияқты даму нәтижелеріне қол жеткізді. Деректер Янцзы өзенінің атырауындағы 100 ірі кәсіпорынның жиынтық активтері 2022 жылы 56,1 трлн юаньға жетіп, 4,3 трлн юаньға артқанын көрсетті. Яғни өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,23%-ға өскен. 100 ірі кәсіпорынның ішінде 69 компанияның операциялық кірісі 2022 жылы 100 миллиард юаньнан асады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 кәсіпорынға молайған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото