«Гидропоникалық жем-шөп»: Малдар енді қыс мезгілінде де жаңа жем-шөппен қоректене алады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 желтоқсан

11 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Ішкі Моңғол автономды регионы Ордос қаласының Оток ауданында 140 шаршы метрлік жем-шөп өсіруге арналған жем-шөп атызында тұқым жасанды жарықтандыру, автоматты су бүрку, сұйықтық айналымы және басқа технологиялар арқылы 7 күнде жасыл шөп өсіре алады, орташа тәуліктік жем-шөп өнімі 50 сиырға азық бола алады. Мұны жергілікті тұрғындар «әуе жайылымы» деп атайды.

«Әуе жайылымының» жауапты өкілі Хасбатур биыл 40 жасқа толды, бұрын бағымшылықпен айналысқан. 2015 жылы ол Австралияда «гидропоникалық жем-шөпті» зерттеген кезде эксперименттік отырғызу идеясына келеді. 2016 жылы Хасбатур Қытайға оралғаннан кейін контейнерді пайдаланып, «гидропоникалық жемшөпті» эксперименттік отырғызу сынағын жасайды және сәтті нәижеге қол жеткізеді. 2019 жылдан бастап ол мал өсіруге қажетті жыл сайынғы жем-шөпті қанағаттандыру үшін тағы да контейнерлерді пайдаланып, «гидропоникалық жемді» жаппай және тұрақты отырғыза бастайды.

2020 жылы Хасбатур жабдық өндірушілерімен өзара селбесу арқылы «Гидропоникалық жем-шөпті» заманауи ауылшаруашылықпен ұштастыруға ұмтылып, «гидропоникалық жем-шөптің» интеллектуалды базасын жасап шығады. Осы жылдың ақпан айында Мемлекеттік зияткерлік меншік басқармасы оған «Пайдалы тапқырлық патентін» берді.

Биылдың сәуір айында үшінші буын «гидропоникалық жем-шөптің» толық интеллектуалды базасы пайдалануға берілді. Ол тұқым сұрыптау, зарарсыздандыру, сіңдіру және өну, балауса отырғызу және шөп жинауды біріктіретін автоматты және толық барысты желіні қалыптастырды. «Ауыл шаруашылығы + өнеркәсіп + интеллект» моделінің арқасында «гидропоникалық жем-шөпті» басқару жан-жақты және дәл жүзеге асырылды.

Хасбатурдың айтуынша,малдар енді тіпті қыс мезгілінде де жаңа жем-шөппен қоректене алады, бұл мал бағу шығындарын азайтып қана қоймайды, сонымен қатар жем-шөптің қоректік құрамын да жоғарылатады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото