Көк цикл моделі: Қытай теңіз пластик қалдықтарын бақылаудың жаңа шарасын қолға алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 желтоқсан

11 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының тараптарының 28-ші конференциясы (COP28) өтті. Теңіздегі пластикалық қалдықтарды бақылаудың және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтудың жаңа қытайлық «көк цикл» моделі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дубайдағы климаттың өзгеруі туралы конференциясында үлкен назар аударды.

Жақында жарияланған Біріккен Ұлттар Ұйымының 2023 жылғы «жершарын қорғаушы» сыйлығына іріктеуінде, Қытайдың Чжэцзян қаласы ұсынған теңіз пластикалық қалдықтарын қайта өңдеудің жаңа моделі «Көк цикл» жобасы бүкіл әлем бойынша жарияланған 2500 жобаның ішінен ерекшеленіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең жоғары марапатына ие болды. «Көк цикл» жобасы шамамен 2254 тонна пластикалық қалдықтарды жинап, қайта өңдейді, көмірқышқыл газының шығарындылаы шамамен 2930 тоннаға қысқарып, жағалау суларының экологиясы тиімді түрде жақсарады.

Чжэцзян өлкесінің Вэнлинг қаласында 54 жастағы Ли Цимин су өнімдерін қайта өңдеу зауытында жұмыс істеуден басқа, қосымша табыс көзі үшін пластикалық бөтелкелерді жинап, сатуға жағажайға баратын.

Дегенмен пластикалық бөтелкенің құны тым мардымсыз болғандықтан, кейін бұл жұмысты тастап кеткен. Соңғы екі жылда «көк цикл» моделінің арқасында теңіз пластиктерінің бағасы өсіп, ол бұл шаруаға қайта оралды.

Толық жүкпен оралған кемелер нарыққа жаңа су өнімдерін әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар көбінесе пластикалық қораптар, пластикалық бөтелкелер және полиэтилен пакеттер сияқты пластикалық қалдықтарды теңіз пластик қалдықтарын жинау орнына (көк циклге) әкеледі, бұлар өндірістік және тұрмыстық қалдықтар ғана емес, сондай-ақ операциялар кезінде жиналған теңіз қалдықтары.

«Көк цикл» қызметкерлері пластикалық бөтелкені таразылап, «көк цикл» мобильді қосымшасына тіркейді және бақыланатын QR кодын жасайды. Процеске сәйкес бірқатар операцияны орындағаннан кейін сатып алу ақысы әдеттегі пластикалық қалдық бөтелкелерге қарағанда жоғары бағамен төленеді.

Қазіргі уақытта Чжэцзян өлкесінің Тайчжоу, Нинбо және Чжоушан қаласында 15 «көк цикл» құрылды, оның 11-і Тайчжоуда. «Көк цикл» теңіз пластик қалдықтарын алдын ала өңдегеннен кейін олардың көлемі 70%-ға кішірейеді, бұл кейінгі тасымалдау мен кәдеге жарату шығындарын айтарлықтай төмендетеді.

Қазіргі заманғы пластикалық қайта өңдеу зауыты - Veolia Huafei Polymer Technology (Чжэцзян) компаниясы теңіз пластик қалдықтарын үш процестен өткізіп, қайта өңделетін теңіз пластик бөлшектеріне айналдырады, содан кейін олар тоқыма, орау, автомобиль бөлшектері, ұялы телефон корпустары және т. б. өндірісінде қолданылады.

«Көк цикл» моделі теңіз пластик қалдықтарын жинау, қайта өңдеу, қайта өндіру және қайта сатудың барлық аспектісін визуалды бақылауды қамтамасыз ету үшін блокчейн және заттар интернеті сияқты технологияларды пайдаланады, осылайша теңіз пластикасын халықаралық сертификаттауға қосылған құнды арттырады және ресурстарды тиімді пайдалануға негіз қалайды.

Қазіргі уақытта «көк циклге» 237 кәсіпорын мен 10 200 кеме қосылды, 60 000-нан астам жағалаудағы бұқара мен балықшы қатысты. «Көк цикл» жобасы аясында 10 000 тоннадан астам теңіз қалдықтары жиналып, жойылды.

Инновациялық әрі экологиялық жолмен «ақ ластанудың» алдын алу, көк мұхитты қорғаудың «көк цикл» моделі - Қытайдың жаңа дәуірде адам мен табиғаттың заманауи және үйлесімді өмір сүруін құру жөніндегі күш-жігерінің жаңа тәжірибесі.

Бірлесіп шығарушылар:

Жэньмин Жибао экономика және әлеуметтік істер бөлімшесі People's Daily Онлайн

Жэньмин Жибао Чжэцзян филиалы Жэньмин Жибао «Жаңа қауіпсіздік» журналы

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото