«Бауырсақ театры» шетелге шығып, Қытайдың көрнекті бағдарламалары Қазақстанға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 желтоқсан

12 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 желтоқсанда «TV China Theatre» жобасы «Бауырсақ театрының» ашылу рәсімі Қытайдың (Шыңжаң) еркін сауда пилоттық аймағының Қорғас аумағында өтті. Аталмыш шара бағдарламаның Қазақстанда іске қосылғанын білдіреді. Сондай-ақ бұл Шыңжаңда еркін сауда пилоттық аймағы ашылғаннан бергі Қытай мен Қазақстан арасындағы кино және теледидар саласындағы мәдени алмасудың алғашқы жобасы.

«Бауырсақ театры» - Қытай мемлекеттік радио және теледидар басқармасының «TV China Theatre» жобасы қолдап, Қытай радио және теледидар Шыңжаң интернет компаниясының еншілесі Xinjiang huaxia Silk Road international Cultural Media компаниясы мен Қазақстанның Алматы телевизиялық станциясы ынтымақтасып шығарған бренд бағдарлама. Оның мақсаты - қазақстандық көрермендерге Қытай тарихын, мәдениеті мен қоғамдық өмірін таныстырып, Қытай халқының Қытай стиліндегі осызамандану үдерісі жағдайындағы күресі мен ұмтылысын түсінуге, сондай-ақ Қытайдың түрлі-түсті және жанды бейнесін жан-жақты және шынайы көрсетуге мүмкіндік беру.

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айынан бастап бірқатар көрнекті қытайлық аудиовизуалды бағдарламаларды қазақстандық аудиторияға Almaty TV және оның жаңа медиа-платформасында «Бауырсақ театры» арқылы таратып жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото