Тілді дәнекер етіп, Қытай-Вьетнам достығын насихаттаймыз

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 12 желтоқсан

11 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мен Вьетнамды тау мен өзендер тұтастырып жатыр. Дипломатиялық қатынастар орнаған 73 жылдан бері Қытай-Вьетнам қатынастарының мәні мен деңгейі үнемі байытылып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа тарауы бірге жазылып келеді.

Соңғы жылдары Қытай мен Вьетнам арасындағы жоғары деңгейдегі сапарлар жиілігінің артуымен саяси өзара сенім үнемі нығайып, екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастық барған сайын берік бола түсті. Шетелдік студенттер санының артуы, бұқаралық ақпарат құралдарымен алмасу және тілшілердің сапарлары, бірлескен концерттер өткізу, мерзімді басылымдарды шығарудағы ынтымақтастық, сондай-ақ өзара халықтық туризм мен мәдени іс-шаралар арқылы алмасудың әртүрлі формалары екі тарап арасындағы мәдени алмасуды одан әрі нығайтып қана қоймай, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты тереңдетті.

Жақында онлайн «Халық Газетінің» тілшісі Бейжің шетел тілі университетіне барып, ондағы Қытай-Вьетнам мәдени алмасуларының куәгерлерімен сұқбатта болып, Қытай-Вьетнам мәдени алмасуларының бай тұлғасын таныстырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото