Қытайдың өнеркәсіптік-коммерциялық банкі Қазақстанда юаньмен клирингтеу банкін ашты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 желтоқсан

13 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 11 желтоқсанда Қазақстанның Алматы қаласында Қытайдың өнеркәсіптік-коммерциялық банкінің Қазақстанда юаньмен клирингтеу банкі ашылды.

Қолда бар деректерге сәйкес, Қытайдың өнеркәсіптік-коммерциялық банкінің Қазақстанда юаньмен клирингтеу банкі Қазақстан мен Орталық Азияны қамтиды. Банк капиталды несиелеу, облигациялар шығару, бағалы қағаздарды инвестициялау, агенттік сауда және қаржы нарығындағы сауда функцияларын орындайды. Сол сияқты орталық банк мекемелері, банк ұйымдары және Қытай нарығына қатысатын Орталық Азия нарығының басқа субъектілері үшін тиімді арналар жасайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото