Ұлттық жоғары технологиялық өнеркәсіптік даму аумақтарының жалпы саны 178-ге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 желтоқсан

13 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігінің Жоспарлау департаменті директорының орынбасары У Цзяси 12 қарашада 2023 жылдың осы айдағы көрсеткіші бойынша жоғары технологиялық индустрияны дамытудың ұлттық аумақтарының жалпы саны 178-ге жеткенін айтты. Алғашқы үш тоқсанда ұлттық жоғары технология аймағының жалпы ішкі өнімі 12,33 трлн юаньды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,11% - ға өсті. Ұлттық жоғары технологиялық аумаққа сүйене отырып, жоғары технологиялық өнеркәсіптік кластерлер тобы құрылып, нығайтылды. Сол арқылы жаңа индустрияландыруды дамытатын және өндіріс тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды күш қалыптасты.

Деректер соңғы жылдары ұлттық жоғары технологиялық аумақ жоғары сапалы дамуда жетекші демонстрациялық рөл атқарғанын және экономикалық дамудың маңызды қозғалтқышына айналғанын көрсетеді. Негізгі платформаға сүйенсек, мұнда негізгі ұлттық зертханалардың 80% - ы және Ұлттық өндірістік инновациялық орталықтардың 70% - ы жинақталған. ҒЗТКЖ инвестициялары тұрғысынан ұлттық жоғары технологиялық аумақтағы ҒЗТКЖ кәсіпорындарының инвестициялары бір триллион юаньнан асады. Зерттеу нәтижелері бойынша интеллектуалды роботтар мен спутниктік навигация сияқты бірқатар жетекші жетістіктер жоғары технологиялық аумақта индустрияландыруды жеделдетті. Мысал ретінде Бейжің Чжунгуаньцунь мен Шанхай Чжанцзянды алсақ, 2022 жылы Чжунгуаньцуньдегі кәсіпорындардың жалпы кірісі 8,7 трлн юаньға жетіп, 17000 ұлттық жоғары технологиялық кәсіпорынды қамтыды. 2023 жылдың қаңтар-қазан айларына дейін Шанхай Чжанцзян жоғары технологиялық аумағында интегралды микросхемалар, биомедицина, жасанды интеллект бойынша үш пилоттық саланың көлемі 957,65 миллиард юань болып, Бұл бүкіл қаланың шамамен 80%-ын құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото