Си Цзиньпин Ганьсу өлкесі Линься облысының Цзишишань ауданындағы 6,2 балл жер сілкінісіне байланысты маңызды нұсқаулар берді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 желтоқсан

19 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Ганьсу өлкесінің Линься облысы Цзишишань ауданындағы 6,2 балл жер сілкінісі ірі адам шығынын тудырды. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет Төрағасы, Орталық Әскери кеңестің төрағасы Си Цзиньпин іздеу-құтқару жұмыстарына үлкен мән берді. Төраға барлық күш-жігерді жұмсауға, жаралыларға уақтылы көмек көрсетуге және халықтың амандығына барынша кепіл болатын маңызды нұсқаулар берді.

Бейжің уақыты бойынша 18 желтоқсан күні 23:59-да Ганьсу өлкесінің Линься облысы Цзишишань ауданында 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Сілкініс аймағының көлемі 10 шақырымға жетті. Қазірге дейін жер сілкінісі кезінде Ганьсуда 100 адам, Цинхайда 11 адам қаза тапты. Сондай-ақ су жүйесіне, электрмен жабдықтау, көлік, ақпараттық байланыс және басқа да инфрақұрылым салаларына зақым келді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото