Шыңжаңның Орталық Азияның бес еліне импорты мен экспорты 53,4%-ға ұлғайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 желтоқсан

19 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Биылдың алғашқы 11 айында Шыңжаң мен Орталық Азияның бес елі арасындағы тауар айналымының көлемі 53,4%-ға ұлғайды, бұл Шыңжаңның сыртқы саудасының жалпы көлемінің 79,8%-ы.

Олардың ішінде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты үш ірі сауда серіктесіне импорты мен экспорты тиісінше 70,8%, 32,1% және 97,3%-ға ұлғайды. «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құратын елдерге импорт пен экспорт 49,8%-ға ұлғайып, 94,1%-ын құрады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше басқа мемлекеттерге импорты мен экспорты 53,1%-ға артты, RCEP-нің басқа мүше мемлекеттеріне импорты мен экспорты 36,5%-ға жоғарылады.

Биылдың алғашқы 11 айында Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны 320,53 миллиард юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 47,4%-ға өсті.

Еңбекті көп қажет ететін өнімдердің, сондай-ақ механикалық және электротехникалық бұйымдардың жылдам өсуі осы жылдың алғашқы 11 айында экспорттың басты ерекшелігі болып, жалпы экспорт көлемі 232,76 млрд юань болды. Бұл сол кезеңдегі Шыңжаң сыртқы сауда экспортының жалпы көлемінің 86%-ын құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото