Тұрғындардың жан басына шаққандағы қолда бар табысы он жыл ішінде 80%-ға жоғарылады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 желтоқсан

20 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, алғашқы үш тоқсанда бүкіл ел бойынша жан басына шаққандағы қолда бар табыс іс жүзінде 5,9 %-ға өсті. Бүкіл ел бойынша тұрғындар кірісінің тұрақты өсу тенденциясын сақтап қалды. Ал ауыл тұрғындары табысының өсу қарқыны қала тұрғындарына қарағанда жылдамырақ болды.

Жан басына шаққандағы тұрғындардың қолда бар табысы 2012 жылы 16 510 юаньнан 2022 жылы 36 883 юаньға дейін өсті. Баға факторлары шегерілгеннен кейін 2022 жылғы кіріс 2012 жылмен салыстырғанда 83%-ға жоғарылады. Бұл экономикалық өсуден қарқынды болды.

Экономика мен қоғамның жан жақты тұрақты жұмыс жүргізуімен ілесе әртүрлі саяси шаралар да қабылданды. 2023 жылдың қыркүйек айының соңында бүкіл ел бойынша 181 миллион кәсіпкерлік субъектілер тіркелді. Бұл көрсеткіш 2012 жылдың 3 есесінен көп. Сондай-ақ, ел бойынша 122 миллион жеке өнеркәсіп және коммерциялық шаруашылықтар тіркелді. Бұл жұмыспен қамтуды тұрақтандыруда, экономикалық өсуді ынталандыруда және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуда маңызды күш болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото