Алғашқы 11 айда шетелге берілген қаржылық емес тікелей инвестиция көлемі 18,4% - ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 желтоқсан

22 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 21 желтоқсанда Сауда министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың қаңтар-қараша айларында Қытайдың шетелге қаржылық емес тікелей инвестициясы 814,54 миллиард юаньды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4% - ға өсті (115,68 миллиард АҚШ долларына тең, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,7% - ға ұлғайды). Олардың ішінде қытайлық компаниялар «Бір белдеу, бір жол» елдеріне қаржылық емес тікелей инвестицияларға жалпы сомасы 201,17 миллиард юань жұмсады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,8% - ға өсті (баламасы 28,57 миллиард АҚШ доллары, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда өсім 20,7%-ды құрады.

Деректер көрсеткендей, осы жылдың алғашқы 11 айында Қытайдың шетелдік келісімшарттар бойынша аяқталған жобалар айналымы 955,22 млрд юаньды құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,9% - ға өсті. Жаңадан қол қойылған келісімшарттардың сомасы 1251,38 млрд юаньға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4,5% - ға төмендеді. Олардың ішінде қытайлық компаниялар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша ұлттық келісімшарт жобалары аясында барлығы 784,89 миллиард юаньды игерді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5% - ға өсті. Қол қойылған жаңа келісімшарттардың сомасы 1041,27 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% - ға төмендеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото