Қытайда жаңартылатын энергия көздерінен электр өндірудің жалпы белгіленген қуаты 50%-дық үлестен асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 желтоқсан

22 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық Энергетикалық Басқарманың соңғы деректері жаңартылатын энергия көздері біздің елімізде электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін жаңа күшке айналғанын көрсетті. Оның белгіленген қуаты 1,45 миллиард киловатты құрап, елдегі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 50% - дан астамына жетті. Аталмыш көрсеткіш жылу электр станцияларының белгіленген қуатынан асып түсті. Қазіргі уақытта елдегі электр энергиясының жалпы белгіленген қуаты шамамен 2,9 миллиард киловатты құрайды.

Бұл туралы 21 желтоқсанда өткен 2024 жылғы энергетика жөніндегі ұлттық жұмыс конференциясында жарияланды. 2023 жылдан бастап жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру қуаты 3 трлн киловатт-сағатты құрады. Бұл бүкіл аймақтың электр энергиясын тұтынуының шамамен 1/3 бөлігін құрайды. Жел және фотоэлектрлік қондырғылардың қуаты сол кезеңде қала мен ауыл тұрғындарының электр энергиясын тұтынуынан асып, бүкіл қоғамның электр энергиясын қолдануының 15% - дан астамын құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото